АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР КҮНДЕ 15 БАЛА КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 13.07.2021
Оқылды: 1082
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 13 шілдедегі мәлімет бойынша барлығы коронавирустың 28 455 жағдайы тіркелді.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,2%-дан 0,3%-ға дейін өсті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарында байқалды.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 86 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,3%, оның ішінде 70 симптомдық және 16 симптомсыз жағдай бар (Балқаш - 2, Еңбекшіқазақ - 2, Ескелді - 1, Жамбыл – 4, Іле – 12, Қарасай - 10, Қаратал - 7, Панфилов – 7, Талғар – 14, Ұйғыр – 9, Талдықорған – 16, Текелі - 2). КВИ анықталған 86 жағдайдың 15-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.

13 шілдедегі жағдай бойынша барлығын қосқанда, 26 918 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 17 пациент шығарылды, 34 адам үйде оқшаулаудан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"