ЕКІ КҮН ІШІНДЕ 366 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ: ӨҢІРДЕГІ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 17.07.2021
Оқылды: 1252
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында екі күн ішінде 366 адам қауіпті індетке шалдықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Мәселен, 16 шілде күні 188 адамнан коронавирус анықталса, 17 шілдеде өңірде 178 жағдай тіркелген. 16 шілдеде Іле ауданында - 36 жағдай, Талдықорған қаласында - 33, Талғар ауданында 26 жағдай, Қарасай ауданында – 15, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында 12 жағдайдан, Қаратал ауданында - 11 жағдай, Панфилов ауданында – 9, Алакөл ауданында – 7, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында 6 жағдайдан, Көксу ауданында – 5, Ескелді ауданында – 4, Балқаш ауданында – 3, Сарқан ауданында – 2, Текелі қаласында 1 жағдай анықталған. Облыстағы ауруханалар 50 пайызға толған.

Ал 17 шілдедегі мәлімет бойынша, Талғар (21 адам), Іле (27 адам) аудандары мен Талдықорған қаласында (20 адам) коронавирус көп тіркелген. Оның ішінде, 17 баладан вирус шыққан. Соңғы екі аптада коронавирусқа шалдығу деңгейі 0,3 пайыздан 0,5 пайызға дейін күрт өскен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"