МӘМС: Медициналық ұйымдардың саны артып келеді  

Уақыты: 02.12.2023
Оқылды: 1059
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

МӘМС жүйесі енгізілгелі дәрігерлердің консультациялары, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностиканың саны 7 есе артқан.

Биыл өңірде МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 10 млрд.  теңгеге шарт жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артық. 3 жыл ішінде бұл қызметтердің көлемі 7 есе өсті. 2019 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін 3,5 млн. консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ол 4,8 млн.-ды құраған.

«Пациенттер консультациялық-диагностикалық қызметтерге көп жүгінеді. Олар МӘМС бойынша бейінді дәрігерден тегін кеңес алу, талдаулар тапсыру және жолдама бойынша КТ/МРТ өтуге болатынын біледі. Азаматтардың қажеттіліктерін ескеріп, жыл сайын бұл қызметтерге қаржы көптеп бөлінеді. Сондай-ақ, қормен жұмыс істеуге ниет білдірген медициналық ұйымдардың саны  артып келеді. МӘМС қызметіне зертханалық талдау, диагностика (УДЗ, ЭКГ, КТ/МРТ және т. б.), стоматологиялық қызметтер, жылжымалы медициналық кешендер, жастар денсаулық сақтау орталықтарының жұмысы кіреді», – деп атап өтті қор филиалының басшысы Иван Самойленко.

ӘМС жүйесінің негізгі міндеті – денсаулық сақтау саласының қаржыландыру көлемін  арттыру. Егер 2020 жылы азаматтардың медициналық қызметтер қажеттілігіне 46 млрд. теңге бөлінсе, 2023 жылы 77 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған.  Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

•   Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

•  fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  
Жетісу облысы бойынша филиалы
Фото: 
ken-zhyloi.kz