Емханаларға тіркелу аяқталды

Уақыты: 02.12.2023
Оқылды: 1037
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Биылғы емханаларға тіркелу науқаны аясында  облыстың 5 мыңнан астам тұрғыны емхана  ауыстырды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте медициналық сақтандыру қорынының облыстық филиалының басшысы Иван Самойленко мәлімдеді.

Соңғы екі айда  елімізде жыл сайынғы емханаларға тіркелу науқаны өтті. Бұл мүмкіндікті қолданып, 5 049 облыс тұрғыны емханаларын ауыстырған. Ағымдағы жылдың тіркеу науқанына барлығы облыс бойынша 18 емхана қатысқан.  «Қазіргі таңда облыс бойынша емханаға тіркелген азаматтардың саны 662 мыңнан астам адамды құрайды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына тіркелу тегін медициналық көмектік кепілдік көлемі және МӘМС пакеттері шеңберінде жоспарлы медициналық көмектің толық спектрін алу үшін қажетті шарт екенін еске саламыз»,– дейді қор филиалының басшысы.

Айта кетейік, азаматтардың емхана ауыстыру құқығы дәстүрлі науқанмен шектелмейді. Заң бойынша мекен жай, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, басқа жаққа қоныс аударғанда ауыстыруға болады.  Тіркелген емханасы қайта құрылып немесе қызмет көрсетуді тоқтатқанда да алмастырады. Сонымен қатар, әр азаматтың жылына 1 рет еркін таңдау бойынша құқығы бар. Бұл «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: 
kazgazeta.kz