Жаппай иммундау жүргізілуде 

Уақыты: 09.12.2023
Оқылды: 1901
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінге дейін облыс бойынша қосымша иммундаумен 8123 адам қамтылды. 

Бұл – иммундауға жататын адам санының  15,4%-ын құрайды. Соның ішінде 6-10 айдағы 1926 бала, 2- 4 жастағы 3913 бала және 2122 медициналық қызметкер.

Сондай-ақ, иммундық статусы жоқ 18 жасқа дейінгі 162 тұрғын егілді. Қызылша инфекциясының алдын алудың жалғыз және ең тиімді жолы вакцинация. Сондықтан қызылшаның таралуын тоқтату және әрі  қарай тіркелуін болдырмау мақсатында сырқатқа көп шалдығатын тұрғындар арасында қосымша иммундау басталды.  Қызылшаға қарсы қосымша иммундау тұрғылықты мекенжай бойынша  жүргізіледі.  

Тұрғындардың жұмыс уақытына кедергі болмас үшін  егу сенбі, жексенбі күндері  жасалуда. Вакцинация сұрақтары бойынша  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен медициналық ұйымдарда «Қауырт желі» қызмет көрсетеді.  Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 8(72-82)-300104, 8(72-82)309222 байланыс телефондарына хабарласуға болады.  Ал республикалық деңгейде вакцинацияға қатысты сұрақтар бойынша 7701 «Жедел желі» жұмыс істейді. Ол күнделікті сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар egu.kz ресми сайтынан инфекциялық аурулар, вакцинация бойынша пайдалы ақпараттар алуға болады.

Г. Мұқашқызы
Фото: diapazon.kz