АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ҚОСЫМША ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Уақыты: 11.04.2020
Оқылды: 878
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 1448 медицина қызметкері жалақыларынан бөлек, қосымша үстемақы алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау мақсатында төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысының әкімдігі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау жөніндегі комиссия құрды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы жұқтыру қаупі топтарына сәйкес, COVID-19 коронавирусымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің тізімін анықтады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан денсаулық сақтау ұйымдарының 1448 қызметкеріне, оның ішінде, 205 дәрігерге, 882 орта медициналық қызметкерлерге, 361 кіші медициналық қызметкерлерге еңбекақы төленді. Сонымен қатар, облыс әкімінің қаулысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 1 023 медицина қызметкеріне, оның ішінде, 178 дәрігерге, 528 орта медициналық қызметкерге, 317 кіші медициналық қызметкерге сыйақы беру үшін қосымша қаржы бөлінді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды