ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ 22 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫНАН КОРОНАВИРУС ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 12.04.2020
Оқылды: 982
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавируспен ауырған он екінші науқас тіркелді. Бұл жайында Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сырқат - 1998 жылғы қыз бала. Талғар ауданы, Ақтас ауылынан. Ол коронавирус инфекциясының жұқтырған, анализдері оң нәтиже көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы сырқатпен байланыста болған.

Вирус жұқтырған талғарлық тұрғын Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен байланыста болған 11 адам анықталып, барлығы да карантинге алынды.

Атап өтсек, 12 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматы облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған бір пациент емделіп шықты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды