ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ ДЕРЕГІ 2,5 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

Уақыты: 29.04.2020
Оқылды: 763
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы төмендеп келеді. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитары Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА мәлім етті.

- Соңғы аптада жалпы ел аумағында ауруға шалдығу 8-ден 5,5 пайызға (28 сәуірдегі жағдай бойынша) дейін төмендегенін көріп отырмыз. Бір аптада ел бойынша ауруға шалдығу өсімі 2,5 пайызға азайды, - деді Айжан Есмағамбетова журналистермен онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол карантин талаптарын ұстану керектігін атап өтті. «Алайда кебір өңірлерде коронавирус жұқтыру жағдайлары жалғасуда, яғни, оларда індетке шалдығу өсімі 0-ден 40 пайызға дейін құбылып тұрады. Бұл өз кезегінде сырқаттану ағыны өзгермелі сипатқа ие екенін байқатуда. Осы орайда, өңірлерді іске асырылып жатқан карантиндік шараларды жалғастыру керек. Бұл тұрғыда талаптар жеңілдетілгеннің өзінде қауіпсіздік ережесін ұстану керек», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"