АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 23 ЖАСТАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 01.06.2020
Оқылды: 973
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

"Коронавирус инфекциясының тағы 8 жағдайы тіркелді. Оның 5-еуі – Талдықорған қаласында, 3-еуі Алакөлде анықталды", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990  жылдары туған азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған. Ал 1997 жылғы жүкті әйелдің науқасы профилактикалық тексеруден өту барысында анықталды.

Ал кеше, 31 мамыр күні Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 4 жағдайы тіркелген еді. Оның 3-еуі облыс орталығы Талдықорған қаласында, 1 жағдай Қапшағай қаласынан орын алды.

1947, 1953, 1955, 1989 жылы туған науқастар ауруханада профилактикалық тексеруден өткізілген. Олардан коронавирус инфекциясы анықталған соң олардың барлығы оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Алматы облысында инфекция жұқтырған 353 адам тіркелген, оның 182-сі толығымен емделіп, ауруханадан шығарылды. Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығы - Талдықорған қаласында қауіпті індетке шалдыққандар саны 83-ке (1 маусым, 2020 жылғы мәлімет) жетті.

1 маусым, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында  коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 361 адам тіркелген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан