ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ҚЫЗ ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Уақыты: 24.03.2023
Оқылды: 1168

Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды.

Бұл туралы 7-SU.KZ  желілік басылымы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Жарыс нәтижесі бойынша қола жүлдеге қол жеткізген отандасымыз бұл сайыста 261.2 ұпай жинаған.

Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа  31 елден 200 ден астам іріктелген спортшы жиналды. Байрақты бәсекеге жалпы 18 қазақстандық қасытқан.

 

Сурет: Спорт және мәдениет министрлігі

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ