ҮШ ЖАРЫСТЫҢ ҮЗДІГІ

Уақыты: 31.03.2023
Оқылды: 665

2006-2011 жылы дүниеге келген ұлдар арасында волейболдан Қазақстанның көктемгі чемпионаты өз мәресіне жетті. Жетісулық ойыншылар жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылған үш чемпионаттың үшеуінде де топ жарды.

Осыған дейін де үздік болған волейболшыларымыз абырой биігінен түскен жоқ.

Талдықорғанда 2006-2007 жылы, Шымкентте 2008-2009 жылы және Нарынқолда 2010-2011 жылы туғандар арасында чемпионат өтті. Жас айырмашылығы бойынша ұйымдастырылған үш чемпионаттың үшеуінде де қарсылас шақ келтірмеген жетісулық ойыншылардың табысты еңбегі жанкүйер көз алдында. Бұл жетістік өңіріміздегі волейбол мектебінің қалыптасқанын көрсетеді. 

Айдар Момынгелдиев жаттықтыратын Жетісу құрамасының 2006-2007 жылы дүниеге келген волейболшылары Талдықорғанда өткен тартысты чемпионаттың финалында алматының «Буревестник» командасын 3:2 есебімен жеңді. Жылдың төрт мезгіліне байланысты ұйымдастырылатын төрт чемпионатта да топ жарып, еліміздің абсолютті чемпионы атанды. Жетісу сапынан чемпионаттың үздік ойыншысы болып шабуылшы Ерасыл Болатұлы танылды.

Серік ҚАНТАЙ