БЕС АЛТЫН АЛДЫ

Уақыты: 01.04.2023
Оқылды: 944

Түркістан қаласында велосипедпен тас-жолда жүруден ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер арасында Қазақстан республикасының чемпионаты өтті.

Жетісу облысының велошабандоздары 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль алды. Жалпы чемпионатқа 15 облыстан 162 спортшы қатысты.  

Жетісулықтар жарыста жақсы көрсеткіштерге ие болып, чемпиондар тұғырына кезек-кезек көтеріліп отырды. Мәселен, жұптық жарыста Бота Батырбекова мен Виолетта Казакова, жасөспірім қыздар арасында Дария Қазақбай мен Мадина Жұртбаева, әйелдер арасында Ақпейіл Өсім, 17-18 жастағы қыздар арасында Евгения Заам, жекелей сында Виолетта Казакова қарсыластарын шаң қаптырды.

Жекелей жарыста бағын сынап, алтын жүлдеге таласта, сөреге жетер тұста секундтан қалып қойған Дария Қазақбай, Бота Батырбекова, Екатерина Удовыкина күміс алды. Бұл жетісулықтардың табысты чемпионаттарының бірі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"