Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

Уақыты: 03.04.2023
Оқылды: 959

Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz дегеріне сүйеніп хабарлайды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салып, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұдған дейін Жібек ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік шыққан болатын. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы болды.