КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Уақыты: 12.09.2022
Оқылды: 1005
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Көксу ауданы Мәмбет ауылында тұратын 12 жылдан бері пәтер жалдап келген 9 баланың әке-шешесі үйлі болды. Баспаналы болуына жомарт жандар көмектесті. 


9 баланың ата-анасы ұзақ жылдан бері пәтер жалдап, кейде туған-туыстың үйін жағалап күнелтіп келген. Бар тапқандары балалардың тамағы мен пәтер ақыдан аспайды.

- Енді маңдай термен тапқан ақшамыз біреудің қалтасына кетпей, балалардың қажетіне жұмсалады. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Балаларымның арманы орындалды. Қанша жылдан бері баспананы тек армандап қана келдік, бірақ дәл осындай болады деп ойлаған да емеспіз. Осындай жомарт жандардың барына рахмет. Ризамыз. Үйіміз мектепке де жақын. 9 баламның алтауы мектепке барады, кенжесі енді 1 жаста,- дейді қуанышын жасыра алмаған көпбалалы ана Гүлзира Бектемисова.

Ержан мен Гүлзираның отбасын  құрғанына биыл 12 жыл  болды. Олар 5-ұл, 4-қызды тәрбиелеп отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"