ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 20 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫҒА КӨЛІКТІҢ VIP НӨМІРЛЕРІ САТЫЛДЫ

Уақыты: 09.01.2023
Оқылды: 965
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

"Жетісу облысы құрылған уақыттан бері, яғни 2022 жылдың 15 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 20 682 455 теңгеге көліктің 64 VIP  нөмірі сатылды. Оның ішінде, 41 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі 19 аймақ белгісімен рәсімделді. 
Халықтың арасында 019 AAA 19, 919 AAA 19, 999 AAA 19 нөмірлеріне сұраныс жоғары",- дейді "Азаматтарға арналған үкімет"  МК КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Самат Иманғалиев.  Жалпы,  Жетісу облысында көліктің 19 аймақ мемлекеттік тіркеу нөмірі 21 қыркүйектен бастап беріле бастады.  Осы уақыттан бері 4995 адам жаңа аймақтың  нөмірімен көліктерін рәсімдеді. Айта кетейік,  жалпы көлікке VIP нөмір алудың бағасы 174-698 мың теңге аралығында. Мәселен, 010,020.030 сынды сандардан басталатын көліктің VIP  нөмірі 174 591 теңге болса,100, 200,  500 сынды сандар - 419 631 теңге. Ал 001,  002, 003, 007 VIP нөмірлердің бағасы 698 364 теңгеге бағаланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"