ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ. ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖАРАДЫ

Уақыты: 13.02.2023
Оқылды: 500
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласында соңғы уақыттарда республикалық деңгейдегі жарыстар жиі өтуде. Бұл облыстың жауапты спорт мамандарына деген зор сенім. Баскетболдан жасөспірімдер арасында республика чемпионатының өтуі осы сөзіміздің айғағы.Жарысқа келген командалар құрамында 250-ге жуық баскетболшы алаңға шықты  жастықтарына қарамастан түрлі жарыстардан тәжірибе жинаған спортшылар, жарыс көркін қыздыра түсті.


Бар команда арасында Жетісулық баскетболшылар шеберлік танытты. Олар әр кездесуде жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, жарыс қортындысынла бас жүлдеге ие болды. Жерлестеріміз финалда Түркістан облысының командасын айқын басымдылықпен ұтты. Жерлесіміз Вера Пак чемпионаттың "үздік ойыншысына" тағайындалған жүлдеге ие болды.

Чемпионаттың жабылу салтанатында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Али, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Алмат Үшкемпіров барлық спортшыларға сәттілік тілеп, арнайы жүлделерді табыс етті.

Алуа ОСПАНЖАН