"Өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген": Азат Мақсұм UFC-ге ауысты

Уақыты: 07.04.2023
Оқылды: 1027
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм 16-0 рекордтық көрсеткішімен UFC-ге ауысты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы OCTAGON лигасы дерегіне сүйеніп хабарлайды.

"Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лигаға әлемнің үздік промоушені есік ашты. Азат Мақсұм өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген OCTAGON лигасы чемпионы атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге келгеніне өте қуаныштымыз. Азат – OCTAGON лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі, - деп жазды лига.

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ