Сара Тастанбекқызының 170 жылдығына орай мүшәйра өтеді

Уақыты: 22.04.2023
Оқылды: 1194
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыстық «Jetіsý jastary» және «Aqsý jastary» мекемелерінің ұйымдастыруымен ақын Сара Тастанбекқызының 170 жылдығына орай жас ақындар арасында «Талантқа тағзым» атты мүшәйра өтеді. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте айтылды.

Шарада «Jetіsý jastary» КММ директорының орынбасары Жансая Смағұлова:

 – Байқауға 14-35 жас аралығындағы жазба ақындар қатыса алады. Шарт бойынша ақындар 2 өлең жіберуі тиіс. Біріншісі – арнау, екіншісі – еркін тақырыпта жазылған поэзия. Байқауға ұсынылатын екі өлең де баспасөз беттерінде жарияланбауы керек. Өлеңдер  10 мамырға дейін қабылданады. Сонымен қатар, поэзия 15 шумақтан аспауы керек, – деді. 

Сондай-ақ, толық ақпарат облыстық қоғамдық даму басқармасының және барлық аудандық әкімдіктердің сайтында жарияланатынын жеткізді. Айта кетейік, мүшәйраның ақтық сыны Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында 17 мамыр күні өткізіледі. 
Осыдан кейін «Jetіsý jastary» КММ-нің филиалы «Aqsý jastary» жетекшісі Мағжан Шындәулет ақын апамыздың тойына орай ауданда оқушылар арасында мүшәйра өткенін, күзге қарай республикалық ақындар айтысын өткізу жоспарда барын айтты.

Айдар ҚАЛИЕВ