«Қаратал аруы – 2023» байқауы өтті

Уақыты: 27.04.2023
Оқылды: 716
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қаратал аудандық мәдениет үйінде «Қаратал аруы – 2023» байқауы өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Сайысқа қала, ауыл мектептерінің қыздары қатысты. Ақылына көркі сай қаракөз қарындастарымыз 5 номинация бойынша бақ сынады.

Алғашқы «Қыз еркем – өнерімен көркем» кезеңінде әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетті. «Сыр мен сымбат» номинациясы бойынша қатысушылар ұлттық киім киіп,  өзін-өзі таныстырды. «Сымбатқа парасат сай келсе» кезеңінде қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылды. «Өнерлінің өрісі кең» сайысында әр қатысушы талаптарын паш етті. «Сәнді ару» кезеңінде қатысушылар кешкі салтанатқа арналған сәнді киім үлгілерімен көпшіліктің алдына шықты.

Жарыс қорытындысы бойынша Жаңаталап ауылдық орта мектебінің аруы Аяжан Хамит Қаратал аруы атанды. 1-орын Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің оқушысы Айару Жетпісбай, 2-орынды Бикен Римова орта мектебінің аруы Жания Кәрім, 3-орынды Р.Қошқарбаев орта мектебінің оқушысы Назар Тілектесқызы иеленді.