Зейнеткердің ұялы телефонын ұрлаған жас қыз ұсталды

Уақыты: 26.04.2023
Оқылды: 769
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Үштөбе қаласында зейнеткерді тонап кеткен жас қыз ұсталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қарт адамға жаңбырлы күні жас қыз үйіне сұранып кіреді. Қонақ қыз кеткеннен кейін үй иесі ұялы телефонын еш жерден таппай, жоғалғанын байқайды. Қаратал аудандық полициясының қызметкерлері бір тәулік ішінде дәл осындай құқық бұзушылық үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіні анықтап, ұстай алды. Зейнеткер полиция қызметкерлеріне ұялы телефонды жедел қайтарып бергені үшін алғысын білдірді.

«Полиция қызметкерлері менің өтінішімді кейінге ысырып қоймай, жылдам қарастырып, ұрлықты тез арада ашқанына өте қуаныштымын. Ұрланған телефон маған қайтарылды. Полицейлерге үйлесімді және кәсіби жұмысы үшін алғыс айтамын», – деп атап өтті ақсақал.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше күдікті өз кінәсін толық мойындады. Алайда тәрбиелеп отырған кәмелетке толмаған баласы бар екендігін ескеріп, оған тергеу мерзіміне «Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сурет ғаламтордан алынды