«ПАРЫЗ - 2023» республикалық конкурсы өтеді

Уақыты: 10.05.2023
Оқылды: 1334
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ 2023» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, ҚР бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1).«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

2). «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

3). «Үздік ұжымдық шарт».

4). «Экологияға қосқан үлесі үшін»

5). "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы".

Конкурстың негізгі маңыздылығы – қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мен бизнес-құрылымның еліміздің дамуына қосқан үлесін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін елімізде жария ету болып табылады.

Байқауға қатысу өтінімдер мен ақпаратты 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26 үй мекен жайы бойынша Басқармамен қабылданады