Министрлік биыл қанша сарбазды әскерге шақыратынын айтты

Уақыты: 10.01.2024
Оқылды: 462
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық жобасын дайындады. Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

2024 жылы әскери дайындықтан өтуге тиіс 3 000 адамды әскери дайындыққа шақыру, – делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген.

Айта кетейік, 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі