Ойыншылар іріктелуде

Уақыты: 11.01.2024
Оқылды: 606
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Футболдан кезекті ел чемпионатына дайындық жүргізу мақсатында «Жетісу» футбол клубы өздерінің екінші оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізіп жатыр. Алғашқысы Талдықорғанда болды.

Осыған дейін Қазақстан жастар құрамасының бапкері болған Қайрат Нұрдәулетов желтоқсанның соңында «Жетісудың» жаттықтырушысы болып тағайындалды. Ойыншы есебінде толайым табысқа жеткен Қайрат  бастапқыда Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамына кірсе, одан жастар құрамасын бас жаттықтырушы болып қолға алған. Ал «Жетісу» – Қайраттың жаттықтырушы есебіндегі алғашқы кәсіби клубы. Бүгінгі таңда Қайрат бастап, команданың спорт жөніндегі директоры Дәулет Иманқұлов бірлесіп жаңа маусымға ойыншыларды сынақтан өткізіп жатыр. Сүрінбегендер команда қатарына қосылады. 

– Оқу-жаттығу жиыны бар, жолдастық кездесулер бар, солардан ойыншыларды іріктеп алып, команданың негізгі құрамын анықтаймыз. Барлық нұсқаны қарап көріп, шешім қабылдаймыз. Ұжымды сапалы футболшылармен жасақтағымыз келеді, – деді Дәулет Иманқұлов.

Серік ҚАНТАЙ
Фото: fk-jetisu.kz