Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

Уақыты: 12.01.2024
Оқылды: 495
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Түрлі тосын жағдаяттардың жиі туындауына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі  12 қаңтарда Қазақстан халқына үндеу жолдады.

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылауға және ұзақ сапарға шықпауға шақырады.

Өткен тәулікте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 158 рет шығуды жүзеге асырды, оның ішінде 65-і өрт пен жану оқиғаларына, 93-і іздестіру-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты.

Ведомство атап өткендей, 86 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Фото: opennews.kz