Алакөлдегі жайлы демалыс

Уақыты: 31.03.2024
Оқылды: 283
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алакөлдің жағасында Ақши және Көктұма курорттық ауылдары орналасқан. Онда түрлі демалыс орталықтары бар. Соның бірі – Ақши ауылындағы «Magic Aqua Resort» курорттық қонақүйі. 


Жетекшісі жеке кәсіпкер Акат Аязбаев. Қызметін 2021 жылы бастаған ол ішкі туризмді дамытумен айналысуға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2022 жылы инвестициялар үшін «Forte Bank» АҚ-нан несиеге қол жеткізіп, «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде қолдау табады. 

Нәтижесінде сыйақы мөлшерінің 6 пайыз мөлшеріндегі бөлігі субсидияланып, кепілдік берілді. Аталған қонақүй Ақши ауылындағы Алакөл көлінің сол жағалауынан 150 метр қашықтықта орналасқан. Кешенде алыстан ат терлетіп жеткен қонақтар үшін барлық жағдай қарастырылған. 

Қонақүйдің әр бөлмесінде салқындатқыш орнатылған. Терезелерінен әсем табиғатқа көз тастап, Алакөлдің кереметін тамашалауға, таза ауамен тыныстап, тыныштықта демалуға болады. Бөлмелердегі жайлылық пен дәмді тағам түрлері, сапалы қызмет көрсету тәртібі дертке дауа, жанға шипа іздеп келген әр туристің денсаулығын нығайтып, алаңсыз демалуына жағдай жасайды. 

Қызметкерлердің қонақжайлылығы мен ізгі ниеті де әр адамның көңілін серпілтіп, қуаныш сыйлайды. Бүгінде қонақүйде 34 бөлме мен бөрене үйлер және бассейн, ойын алаңы бар.

Айгүл Байжұмақызы
Алакөл ауданы