БИШІМБАЕВ. "САЛТАНАТТЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСЫМ БАРЫН МОЙЫНДАМАЙМЫН"

Уақыты: 01.04.2024
Оқылды: 297
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бишімбаев жәбірленушілер мен марқұмның туыстары, ата-анасынан сот барысында кешірім сұрады.


 

«Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары, оны жақсы көргендердің барлығы, оның ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, оның өлімі ауыр тиді. Мен кешірім сұрағым келеді. Мен кешірім күтпеймін. Бірақ бұл менің ішкі парызым, жанымның қалауы. Мен бұл орны толмас қайғы екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін», – деді ол.

Сондай-ақ ол өзіне тағылған айып жайлы айтты.
 

«Кінәм жоқ» немесе «айыпты мойындамаймын» деген мәлімдемемді түсіндіргім келеді. Мен әйелім Салтанатты аса қатыгездікпен, мақсатты түрде өлтірді деген айыпты мойындамаймын, - деді Бишімбаев.