ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕКІ ТОМДЫҚ "ҚҰЛЫНШАҚ" АНТОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Уақыты: 02.06.2021
Оқылды: 1415
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Балалар әдебиеті – ұрпақ тәрбиесінің тал бесігі» тақырыбында республикалық форум өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Форумда Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында екітомдық «Құлыншақ» антологиясының тұсауы кесілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының басшысы Мәрлен Көлбаев, балалар жазушысы, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, «Құлыншақ» антологиясының құрастырушысы Заңғар Кәрімхан, жазушы, «Janr» әдеби клубының жетекшісі Есболат Айдабосын, жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әлібек Байбол қатысты.

Жас жеткіншектерді кітап оқуға ынталандыру, қазақ және әлем әдебиеті классиктері мен қазіргі заман жазушыларын танытуға бағытталған ұлттық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу мәселелері талқыланған бұл форумда балалар мейрамына арнап көптеген қызықты жарыстар мен ойындар өткізілді.

Назым НҰРӘДІЛ,

І.Жансүгіров атындағы ЖУ-дың студенті

Алматы облысы