ТАЛДЫҚОРҒАНДА РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЫНА КӨРМЕ ҚОЙЫЛДЫ

Уақыты: 04.06.2021
Оқылды: 1328
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорғанда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Jetisý media» КММ мекемесінің ұйымдастыруымен Қаратал өзенінің жағалауында «Объективтегі art әлемі» тақырыбында көрме өткізілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің жас таланттары қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай сурет салған қатысушылар өз жұмыстарын әртүрлі қылқалам техникасын қолдана отырып орындады.

Байқаудың мақсаты адамгершілік-патриоттық сезімді арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, көркем шығармашылық саласындағы дарынды тұлғаларды анықтау бағытында болды.

Қатысушылар Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар иеленді. Марапаттау кезінде «Jetisý media» КММ орынбасары Мұратбек Балтабеков сөз алып: «Осы іс-шара арқылы біз жас ұрпақтың Отанға, мемлекетке, рәміздерге деген сүйіспеншілігін оятып, құрметтеуге шақырғымыз келеді. Бұл – біздің азаматтық парызымыз», – деп ізгі тілегін білдірді.

Назым НҰРӘДІЛ,

І.Жансүгіров атындағы ЖУ-дың студенті