Көксулық ардагер аудандық кітапханаға 80 кітап сыйға тартты

Уақыты: 12.01.2024
Оқылды: 816
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жетісу облысының «Құрметті азаматы», Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 80 кітапты ауданның 80 жылдына орай ұштастырып сыйлаған.

Ардагер өзінің бұл бастамасы арқылы көпшілікті "Кітапханаға кітап сыйла" жобасын қолдауға шақырып отыр. 

«Биыл ауданымыздың құрылғанына 80 жыл.  Өнерлі, білімді ұлттың жүзі – жарық, мұраты – асқақ. Ал, білім кітаппен келеді. Заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен — кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген аталы сөзі ешқашан маңызын жойған емес. Сондықтан ұлттың зияткерлік дамуына жан-жақты қолдау көрсетуді алдыңғы буын ардагер ретінде өзімнің борышым деп санаймын.  Кітап – рухани азық. Рухы мықты адам, руханият көкжиегі кең ұлт қана ұлы мақсаттар жолында ешкімге есесін жібермейді. Барша замандастарымды, кітапқа құмар аудан тұрғындарын өскелең ұрпақты кітап оқуға үйретуді, «Кітапханаға кітап сыйла» жобасын қолдауға шақырамын. Себебі, кітапты қалқан, қару еткендер ғана рухани азат бола алады»,- деді Наурыз ақсақал. 

Айта кетейік 80 кітаптің ішінде  А.Пушкинның поэмалары, Ф.Достоевскийдің, Л.Толстойдың, Н.Гогольдің,  В.Шекспирдің тағы сол сияқты әлемге әйгілі жазушылардың шығармалары бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"