Биші қыз табысқа жетудің сырын айтты

Уақыты: 20.01.2024
Оқылды: 676
Бөлім: РУХАНИЯТ

Менің есімім – Адель. Жасым қазір 8-де. Арманым өте көп. Адамның арманы орындалу үшін оны ешкімге айтпау керек дейді. Мен де сол сияқты арманымды көп ешкімге айта бермеймін.

Сабақты да жақсы оқимын. Сынып жетекшім Алия Ахметбекова өте жақсы ұстаз. Бізге әрдайым білім берумен қатар аналық мейірімін үнемі танытып отырады. Ол кісіні сыныптағы оқушылардың бәрі жақсы көреді.

Кішкентайымнан «Brilliant» творчестволық студиясында би үйірмесіне қатысып келемін. Биші болуыма үй ішімнің  ықпалы көп тиді. Жалпы, маған бимен айналысқан ұнайды. Мен Халықаралық «Jas Daryn», «Dance Mania», республикалық «Дала сазы», «ЖасStar» байқауларының бас жүлде иегерімін. Алған марапаттарым көп десем болады. Өзімді бимен машықтандырып жүрген хореограф  Асем апайыма көп рахмет айтамын.

Адель ДАНЕХАНОВА,
2 – сынып оқушысы