ӨҢІР ӘКІМДЕРІНЕ ТАҒЫ ДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Уақыты: 14.03.2023
Оқылды: 818
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Премьер-министр Әлихан Смайылов кезекті жиында алдағы айларда тұрақты экономиканы ары қарай ілгерлету мақсатында бірқатар тапсырма берді.

Соның ішінде жыл сайын көктемгі уақытта қайталанатын баға мәселесіне баса назар аударып, өңір әкімдеріне тапсырма берді. 

Тұрақты негізде   бизнеспен диалог жүргізіп,   олар көтеретін   барлық проблемалық мәселелерді   шешу қажет. Нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету   және халықтың нақты табысын арттыру   негізгі басымдық болып табылады. Өңір әкімдері   әлеуметтік маңызы бар   азық-түлік тауарларының бағасын   тұрақтандыру жұмысын   жалғастыруы керек, - деді ол.

Фото: көрнекілікке алынды

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ