ЕЛІМІЗДЕ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТЕЛЕФОН КОДЫ ӨЗГЕРУІ ЫҚТИМАЛ

Уақыты: 14.03.2023
Оқылды: 853
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кезекті үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның телефон коды өзгеруі мүмкін екенін мәлім етті.

Бұл туралы  7-su.kz желілік басылымы Zakon.kz сайты дерегін негізге ала отырып хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, ол АҚШ-та ITU басшысы Дорин Богдан-Мартинамен кездескенін айтты (Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы - ред.).

"Біз онымен осы мәселені талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмірді біз үшін резервке қойып қойды. Бірақ мен оларға бізге +7 емес, +77-ні қалдыруды ұсындым. Алайда халықаралық ұйым болғандықтан, ITU шешімді бір күнде қабылдай алмайды, осындай өтініштер бойынша кездесулер, талқылаулар өткізуі керек. Олар бұл ұсынысты талқылаймыз деп уәде берді. Сондықтан Қазақстанда +7 емес, басқа елдермен бірге қолданылатын өзінің +77 коды болады деп үміттенеміз".

Фото: ашық дереккөздерден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ