"Ұйымдасқан топ үш адамнан тұрады": Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Уақыты: 24.04.2023
Оқылды: 880
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткендер ұсталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметте күдіктілерді Жетісу облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен Жаркент қаласында қолға түсірген.

Ең сорақысы, күдіктілер жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юанін талап еткен.

«Ұйымдасқан топ үш адамнан тұрады. Біреуі – Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі – Алматы облысынан, үшіншісі – Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес (Қорқытып алу) жүргізіледі. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: ғаламтордан