Қазақстанда 1 шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді

Уақыты: 26.04.2023
Оқылды: 626
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда 1 шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді, мұндай төлем тек ниет білдірген жағдайда іске асады , деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы "Астана" телеарнасы ұсынған дерекке сүйеніп.

Пилоттық жобаны Қаржы министрлігі дайындаған. Ведомство өкілі бұл жобаға барлығы қатыса бермейтінін, тек тілек білдірушілер қатысатынын жеткізді.

Дәлірек айтқанда, ниет білдіруші жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек.

Нәтижесінде, операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табыстың 1 пайызын алады делінген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар.