Талдықорғанның әкімі ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Уақыты: 19.05.2023
Оқылды: 974
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев ауруханаға не себепті жатқызылғанын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желлік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әкім қазір денсаулық жағдайы жақсарғанын мәлімдеді.

"Бұл – ескі ақпарат, ауруханаға 4-5 мамырда жатқызылған. Қазір өзімді жақсы сезінемін, барлығы жақсы. Ауруханаға түсуіме ишемиялық шабуыл себеп болды, микроинсульт. Қазір барлығы артта қалды, оңалту кезеңінен өтіп жатырмын", – деді әкім. 

Әсет Масабаев хал-жағдайына алаңдаушылық білдіргендерге алғысын жеткізді. 

Еске салайық, 18 мамырда Талдықорған әкімінің жансақтау бөліміне түскені белгілі болған еді. 38 жастағы әкім жұмыс орнында сырқаттанып қалған.

Әсет Масабаев 2022 жылдың наурызында Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған. Оған дейін Алматыдағы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметін атқарған.