Балалары нашар баға алған ата-аналарға айыппұл салына ма?

Уақыты: 31.05.2023
Оқылды: 994
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Балалары мектепте нашар оқитын ата-аналарға айыппұл салуды көздейтін норма қарастырылған жаңа заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп.

Аталмыш ақпарат Instagram-да Қарағандылық жаңалықтар парақшасында жарияланған. Stopfake.kz сайты өңірдің білім басқармасы бұл қауесетке қатысты түсініктеме бергенін мәлім етті.

Алаңдауға негіз жоқ. Елімізде балалар «екі» алғаны үшін айыппұл салу жоспарда жоқ. Қолданыстағы заңнамада балалардың қанағаттанарлықсыз бағалары үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Осындай жаңашылдықтар енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқылауға шығарылған жоқ. Қандай да бір білім беру реформаларын енгізу туралы нақты мәліметтер алу үшін ресми ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамыз, – деді Қарағанды облысының білім басқармасы.

Сурет ғаламтордан алынды