Сақтаныңыз. Маусымның 8-і күнгі ауа райы болжамында бірқатар өңірлерге ескерту жарияланды

Уақыты: 08.06.2023
Оқылды: 543
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 8-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Ресми дереккөз ақпаратынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады сондай-ақ найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Фото: ашық дереккөзден