Бүгін бірқатар аймақтарда жаңбыр жауып, жел күшейеді

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 406
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет ел аумағында 19 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.  

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады. Соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек оңтүстік-батыста, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде елдің оңтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.

ҚР бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады", - делінген Қазгидромет ақпаратында.

Фото: ғаламтордан алынды