Сайлау -2023: Маңызды саяси науқан

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 609
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Сарқан ауданының келешегі  үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр.  

Саяси науқанға Қойлық ауылдық округінің Орыс Славян орталығы №365 сайлау учаскесіне келіп бір ауыздан, дәстүрлі киім үлгісінде келіп үміткерлер арасынан таңдауларын жасады. 

"Аудан әкімін тарихта алғашқылардың бірі болып сайлап отырмыз. Ауданымыздың алдағы болашағы үшін таңдау жасау әрбір азаматтың парызы деп санаймыз. Барша сарқандықтарды саяси науқанға белсене атсалысуға шақырамыз", - дейді орталықтың мүшелері.