Халықаралық спорт шебері таңдауын жасады

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 678
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қол күрестен халықаралық спорт шебері  Семенов Евгений Сарқан ауданы әкімінің сайлауында таңдауын жасады.

Сайлауға қатысуды азаматтық парыз санайтын Семенов Евгений өз сөзінде:

"Бүгінгі өңіріміз үшін тарихи күн деп айтуға болады. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Өзім сенген үміткерге дауысымды бердім", - деді.

Айта кету керек, Семенов Евгений ағымдағы жылы БАӘ Аджман қаласында параармрестлингтен өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тағынған.