Тұрғындар дауыс беріп қана қоймай, іс-шараларға да ат салысуда

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 729
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін тағы бір тарихи күн. Елімізде аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. 

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылдық округінде N195 сайлау учаскесінде Кербұлақ ауданының әкімінің сайлауы кезінде ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында асық ату ойындары өтті.

Таң сәріден бері тұрғындар белсенді түрде дауыс беріп қана қоймай, іс-шараларға да ат салысуда.