Ақжаулықты әжелер дауыс берді

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 641
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарқан ауданының Қарашыған ауылдық округінің әжелері сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киім үлгісінде келіп, таңдауларын жасады.

Дәстүрді ұлықтаған әжелер жастарға өз батасын беріп, шашуларын шашты. 

"Аудан басшысын сайлау ең маңызды тарихи күн. Бұл күн − мереке.  Сондықтан ұлттық нақышта киініп келдік. Кандидаттардың бәрінің сайлауалды бағдарламасымен таныстық. Сайлауға қатысып, дауыс беру − басты мақсатымыз. Бейбіт уақытта, өз таңдауын жасап жүрген бақытты аналармыз", - дейді әжелеріміз.