Күзгі әскерге шақырту жүріп жатыр

Уақыты: 06.11.2023
Оқылды: 437
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында күзгі әскерге шақырту жүріп жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы таратқан ақпаратта биыл өңірден Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге 850-ден астам адам аттанбақ. Талдықорғандағы әскери комиссариаттан 145 жігіт шекара қызметіне жіберілді. Жетісулық ұландар әскерге бару - туған жердің тыныштығын күзету және шыңдалу екенін айтты.

Әскер ол бізге не береді? Ол үлкен абырой. Үлкен міндет және өзіміздің елімізді, жерімізді аманатымыз қорғау борышым деп білемін. Жеңілдіктер бар әскерден кейін. Жоғарғы білім орындарына түсуге болады. Осындай мүмкіншіліктер беріп жатыр, - дейді әскерге шақырылушы Әлинұр Қайратұлы.

Фото: ашық дереккөзден