Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Уақыты: 06.11.2023
Оқылды: 658
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына 50 млн теңге материалдық көмек бөлді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Skifnews.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Костенко атындағы шахтада болған трагедияны терең күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза болған шахтерлердің отбасыларына 50 миллион теңге қаржылай көмек бөлді, - делінген қордың хабарламасында.

Фото: Pixabay