Елімізде "Яндекс.Такси" жүргізушілері ресми түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі

Уақыты: 06.11.2023
Оқылды: 621
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде "Яндекс.Такси" жүргізушілері ресми түрде тіркеле бастады. Пилоттық жоба Астана мен Алматыда өтуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері ресми тіркелу арқылы қандай пайда көретінін мәлімдеді.

"Мемлекеттік кірістер комитеті Астана және Алматы қалаларында “Яндекс” такси жүргізушілері үшін платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Қазіргі уақытта қатысушылар саны 500-ден асты", – деп хабарлады комитет.

Оларға қандай артықшылықтар қарастырылған:

  • Такси парктерінің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл ақшаны үнемдеуге және оларды салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Жүргізуші әлеуметтік қамтамасыз етеді;
  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді жеңілдетіледі. Жеке кәсіпкерлікті "Яндекс" платформасы арқылы салық органдарына бармай-ақ тіркеуге болады;
  • Нақты алынған табыстан 1 пайызы мөлшерінде салық төлейді. Ал қызметкердің табысынан 10 пайыз мөлшерінде ұсталады;
  • Есеп ұсыну және салық және әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша міндеттемелердің болмайды.

"Жүргізушілердің келісімімен салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды "Яндекс" жүргізеді. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер такси жүргізушісінің алған табысының сомасына қарай айқындалады", – деп түсіндірді МКК.

Сондай-ақ комитет Glovo, Wolt, Enrive және т.б. сияқты компанияларды қосу қарастырылып жатқанын айтты.

Сурет: pixabay