Бір жылдың жемісі

Уақыты: 31.12.2023
Оқылды: 912
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облыстық кәсіпкерлер палатасы бір жыл бұрын құрылды. Мақсат – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау және бизнес пен билік арасында тиімді әріптестік орнату. Бір жыл ішінде палатада көптеген жұмыс атқарылды. 

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында биыл 164 өтініш түсіп, 60%-ы оң шешімін тапты. Өтініштердің ішінде жер, мемлекеттік сатып алу, агроөнеркәсіп кешен, салық даулары сияқты өзге де мәселелер көтерілді. Кәсіпкерліктің жүйелі әрі жеке мәселелерін шешуде кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес ерекше орын алады. Осы бойынша биыл 11 отырыс өтіп,  37 мәселе қаралып, 22-сі оң нәтижеге қол жеткізді.

Сонымен бірге 39,3 млрд. теңгеге 402 бизнес жоспар әзірленіп, оның 1,47 млрд. теңгесіне 81 жоба қаржыландырылған.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл орталықтардың мақсаты – кәсіпкерлерге «Бір терезе» қағидаты бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының шараларын түсіндіру және кәсіпкерлер мен өз ісін бастағысы келетін тұлғаларға бизнес ашу, жүргізу бойынша кеңес беру арқылы өтеусіз қаржылай емес қолдау көрсету. Осы бағытта желтоқсан айына дейін облыс бойынша 2 332 тұтынушыға 6 410 кеңес берілген.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу үшін жергілікті өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылып, оған 40 адам қатысты. Онда үздік 10 жоба анықталып, үшеуі жеңімпаз атанды. Бұған қоса «Өңірдің тұрақты дамуындағы әйелдер бастамалары» атты өңіраралық әйелдер форумы ұйымдастырылды. Қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер палатасы жанынан өңір кәсіпкерлерін тарта отырып, жеті салалық кеңес құрылды. Онда 40-тан аса отырыс өткізіліп, бизнестің 70-тен аса проблемалық мәселелері қаралып, шамамен 30 пайызы оң шешімін тапты.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: atameken.kz