Жетісу облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

Уақыты: 29.01.2024
Оқылды: 931
Бөлім: САЯСАТ

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Рауан Аманұлы Дауталинов облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Рауан Аманұлы Дауталинов

1977 жылы туған. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Қазақстан тарихы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Ескелді ауданы Троицк орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. Әр жылдарда Талдықорған қаласында «Алматы облысы әкімінің көркемөнер галереясы» МКҚМ бас есепшісі, Алматы облысының «Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» КММ директорының орынбасары, Көксу аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы, Алматы облысы құрылыс басқармасының бөлім бастығы, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.

2022 жылдың шілдесінен – Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.