ҚОҒАМДА ДАУ ТУДЫРҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫ ҰЗАҚ ТАЛҚЫЛАУДАН КЕЙІН КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Уақыты: 29.01.2021
Оқылды: 862
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Заң жобасын дайындау туралы бастама 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін көтерілген еді. Онда елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқыланды. Жұмыс тобы тоқтамай, заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды.

Көпті алаңдатқан Заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау," - деп жазды Мемлекет басшысы "Тwitter" парақшасында.

Сөйтіп, Заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім шығару көпшілік пікіріне құлақ асудың бір белгісі болып қала берді.

Қазір аталған Заң жобасы бойынша Парламенттен басқа 55 ұйым жұмыс істеуде. Мәжіліс Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң жобасын кері қайтарып алғаны себепті құжат заңды күшіне енген жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан