ТАЛҒАРДА ТҰРАТЫН ЖІГІТКЕ БІР ТАУЫҚҚА БОЛА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Уақыты: 01.02.2021
Оқылды: 1473
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар ауданының полицейлері ауылдасының қорасынан тауық ұрлаған 30 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Талғар ауданының полиция бөліміне хабарласқан Кеңдала ауылының тұрғыны қорасынан белгісіз біреудің 1 тауықты ұрлап кеткенін айтқан. Күдікті зардап шегушіге 12 000 теңге материалдық шығын әкелгені белгілі болды.

- Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сол ауылда тұратын 30 жастағы тұрғын ұсталды. Ол тергеу барысында қылмысын мойындады және қолды болған тауықты иесіне қайтарып берді, - деді Талғар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұржан Күнтүнов.

Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Қазір ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде полицейлер ауыл тұрғынының неге қылмысқа барғанын анықтайтын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан