ЕГЕР СІЗ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҰШЫРАСАҢЫЗ, БІРДЕН ХАБАРЛАСАТЫН БӨЛІМШЕ БАР

Уақыты: 23.04.2021
Оқылды: 1291
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Даму қарқыны жоғары, келешегі кемел, зайырлы елде тұратынымызға қарамастан  кейбір отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездеседі. Зәбір көруші бұл туралы ашық айтпайды. ҚР Конституциясында: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар», – деп анық жазылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 73-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Егер, сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы бірден хабарлаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ, оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар.

Ол үшін Талдықорған қалалық полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі қызмет етеді. Сенім телефоны: 8-7282-60-86-15 және 102. Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап облыс бойынша Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Заңгер және психолог маманының кеңесін алу үшін, сенім телефондары: «1301» және 87282-28-00-05, облыс бойынша қоңырау шалу тегін немесе 8-7282-41-18-34.

Гүлвира ИМАНХАТОВА,

Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы,

полиция майоры

Сурет ғаламтордан алынды